«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» СЫРЛЫ СОЗАҚТА
«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» СЫРЛЫ СОЗАҚТА
Сырлы Созақ ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның ілімінің ұлттық құндылықтармен сабақтастығын зерделеу мақсатында «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті. Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов жүргізіп, семинардың маңыздылығына тоқталды.
Семинарға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, теология және дінтану саласының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.
Жиын барысында Қожа Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы орны жан-жақты талқыланып, ғылыми-танымдық бағытта пікір алмасу өтті. Қатысушылар Ясауи мұрасының бүгінгі қоғам үшін өзектілігіне тоқталып, оның ұлттық болмыс пен рухани сабақтастықты сақтаудағы рөлі жөнінде ой-пікірлерімен бөлісті.
Іссапар соңында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековпен кездесіп, мәдени-рухани мұраны насихаттау және алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
