Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Келес ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның ілімінің ұлттық құндылықтармен сабақтастығын зерделеу мақсатында «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.
Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков жүргізіп, семинардың маңыздылығына тоқталды. Басқосуға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ профессорлары мен оқытушылары, теология және дінтану саласының ғалымдары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Семинар барысында Ясауи мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы маңызы талқыланып, ғылыми-танымдық бағыттағы пікір алмасу жүргізілді.