«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА
«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
Сарыағаш ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оның ілімінің ұлттық құндылықтармен сабақтастығын зерделеу мақсатында «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.
Семинар жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ профессорлары мен оқытушылары, теология және дінтану саласының ғалымдары, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков жүргізіп, семинардың маңыздылығына тоқталды.
Семинар барысында Ясауи мұрасының қазіргі қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы маңызы талқыланып, ғылыми-танымдық бағыттағы пікір алмасу жүргізілді.
