«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Түркістан қаласынан бастау алған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары Жетісай ауданында өтті.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Мұрат Тастанбеков, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай, аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен белгілі ғалымдар, дінтанушылар мен зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Семинар аясында қатысушылар рухани тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау, дәстүрлі дін мен мәдениеттің сабақтастығы жөнінде пікір алмасып, ғылыми-танымдық семинардың өзектілігі туралы ойларын айтты.
