Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

«ЯСАУИ КЕРУЕНІ» МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
 Қасиетті Түркістан қаласынан басталған «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары бүгін Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында жалғасты. Әулиелердің Сұлтаны Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық мұрасын насихаттауға арналған жиында спикерлер баяндама жасап, тарихи мағлұматтармен және тың деректермен бөлісті.
 Шараға қатысқан ауыл тұрғындары рухани іс-шарадан тағылымды дүниелер мен маңызды мағлұматтар алды. Кездесу аясында спикерлер тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстар талқыланды.