Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Анадолы мен Балқанды жалғаған Ясауи мұрасы: Халықаралық форумнан түйін

Үстіміздегі жылдың 2–7 қыркүйек аралығында Түркияның Невшехир өңіріндегі Қажы Бекташ ауданында «Тарихтан бүгінге дейін Анадолы мен Балқандағы бекташилік» атты халықаралық форум өтті. Түркі әлемінің рухани сабақтастығы мен мәдени интеграциясын арқау еткен алқалы жиынға Қазақстаннан арнайы отандық ғалымдар тобы шақырылды. Олардың қатарында Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры Бауыржан Сайфунов та болды. Отандық зерттеушілеріміз  академизм мен рухани диалог тоғысқан алқалы алаңда өздерінің салмақты пайымдары мен құнды ой-пікірлерін ортаға салды.

Түрік және ағылшын тілдерінде ұйымдастырылған форум Түркия Республикасымен қатар Мажарстан, Босния мен Герцеговина, Косово, Черногория, Албания, Солтүстік Македония, Болгария, Грекия және Қазақстаннан жиналған көрнекті академиктер, танымал зерттеушілер мен дәргәх өкілдерінің басын қосты. Шараның ашылу слатанатында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі Қаж Бекташ мәдениет орталығының басшысы Эсма Эрсин сөз алып, бұл мұраның аймақтар арасындағы бауырластық пен ортақ құндылықтарды нығайтудағы стратегиялық мәніне тоқталды.

Үш негізгі секция аясында өрбіген ғылыми таным алаңында бекташиліктің тарихи-тасаууфтық бастаулары, Балқандағы дәргәхтардың кеңістіктік-әлеуметтік ықпалы мен болашақ даму векторлары жан-жақты сарапталды. Басқосу аясында қатысушылар Қажы Бекташ Уәли музейіне саяхат жасап, тарихи тамырластыққа құрмет көрсетті.

Бұл халықаралық форум Ясауитану институты үшін халықаралық академиялық зерттеулердің аясын кеңейтіп, ортақ тарихи-рухани мұраны тереңдетуде құнды тәжірибе мен өнімді ынтымақтастыққа жол ашатын маңызды белес болды.