Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

«Цифрлық дәуірдегі діндарлық: әлеуметтік желілердің жастардың діни санасы мен діни идентификациясына ықпалы»

22 қазан күні Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Айтбай Бақдәулет «Цифрлық дәуірдегі діндарлық: әлеуметтік желілердің жастардың діни санасы мен діни идентификациясына ықпалы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинар барысында цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің жастардың діни дүниетанымын қалыптастыруға, діни құндылықтарды қабылдауына және діни бірегейлігін айқындауына ықпалы жан-жақты талқыланды. Цифрлық кеңістіктегі діни ақпараттың таралу ерекшеліктері, оның жастардың рухани дамуына әсері мен қазіргі қоғамдағы діндарлықтың жаңа сипаттары сараланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен пікір алмасу ғылыми кездесудің мазмұнын тереңдете түсті. Цифрлық дәуірдегі діндарлық мәселелеріне арналған мұндай ғылыми шаралар жастардың діни санасы мен рухани құндылықтарын тереңірек түсінуге, дін мен қоғам арасындағы өзекті мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерделеуге және заманауи ақпараттық кеңістіктің діни үдерістерге ықпалын саралауға мүмкіндік береді.