Хабарландырулар

shape
shape
Жаңалықтар
Blog Image

«Деструктивті идеологияға қарсы профилактика»

24.11.2026 ж. күні №19 Төле би атындағы мектептің ұжымы мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Деструктивті идеологияға қарсы профилактика» тақырыбында Ясауитану ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Сайфунов Бауыржанның қатысуымен тәрбиелік-танымдық кездесу өткізілді. Жас ұрпақтың деструктивті діни идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру, діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу, ұлттық және дәстүрлі рухани құндылықтарға негізделген дүниетанымын нығайту, діни сауаттылығын арттыру және сыни ойлау қабілетін дамыту. Кездесу барысында жастарға деструктивті идеологиялардың таралу жолдары мен олардың қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың қалыптасу себептері және олардың ықпалына қарсы тұру тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі діни ақпараттарды дұрыс саралау, күмәнді ақпарат көздерін ажырату, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи мұрасындағы ізгілік, толеранттылық, рухани кемелдік пен адамгершілік құндылықтарының жастар тәрбиесіндегі маңызы атап өтілді.