shape
shape

Қызметтер

шетелдік ғылыми және білім беру ұйымдарымен әріптестік орнату; маңызды әрі ауқымды іргелі ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін гранттар алу мақсатында республикалық және шетелдік ғылыми жобаларға қатысу; отандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларына, конференцияларына қатысу, республикалық семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, ясауитануға қатысты материалдарға талдау-сараптамалық жұмыстар жүргізу; қоғамдағы рухани келісім мәдениеті мен дін мәселелерінде пікірлесу, кеңестер беру; республика деңгейінде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдармен байланысты нығайту, олармен бірлескен әдістемелік материалдар дайындау және оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге қатысу. 

Ғылыми бағыттағы негізгі зерттеулер:  

  • Ясауитану бағытында іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; 
  • Ясауи мұрасы мен ғибратты хикметтеріне талдау жасау; 
  • Ясауитануға байланысты әдебиеттер мен материалдарға сараптамалар жасау; 
  • бүгінгі заман талабына сәйкес ясауитанудың жаңаша көзқарасын қалыптастыру.