Қожа Ахмет Ясауи университетінде «Тіліміз – төл болмысымыз» атты іс-шара өтті
2026 жылғы 28 қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультетінің Шетел тілдерін оқыту кафедрасы 26 қыркүйек – Түрік тілі күніне орай «Тіліміз – төл болмысымыз» атты іс-шара ұйымдастырды.
Шетел тілдерін оқыту кафедрасының 2-курс студенттері дайындаған бағдарламада түрік тілінің терең тарихы, мәдени байлығы және ортақ ұлттық болмыстың қалыптасуындағы маңызды рөлі жан-жақты қарастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – түрік тілінің тарихи-мәдени мұрасына назар аудару, студенттердің тілдік санасын нығайту және түрік тілінің ортақ мәдени құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа жеткізудегі маңызын дәріптеу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Түркия Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталған іс-шараға Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гүржан, университет ректорының міндетін атқарушы профессор, доктор Пейами Баттал, Филология факультетінің деканы профессор, доктор Абдулкадир Өзтүрік, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Түрік тілі күні аясында ұйымдастырылған іс-шарада тілдің тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар тарихи жадының, мәдени құндылықтардың және ортақ болмыстың маңызды тірегі екені тағы бір мәрте атап өтілді. Бағдарлама түрік тілін сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызын айқындаған тағылымды кездесу болды.
Сабақ кестесі
ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ КАК ИНСТРУМЕНТ ИНДИВИДУАЛИЗАЦИИ ОБУЧЕНИЯ В ФИЛОЛОГИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ
Тәуелсіз елдің - талантты жастары
Эльмира Адилбекованың семинары.
Хабарландыру!
«Абай және бүгінгі заман» тақырыбында кездесу 