shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚЫТУ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІК КУРСТАРЫ ӨТТІ

Университетімізде Ерекше білім беруді қолдау орталығының мамандары «Инклюзивті білім берудегі оқыту дағдыларының мазмұны» тақырыбында біліктілік курстарын өткізуде. 

Айтулы біліктілік курсының мақсаты – тыңдаушылар мүмкіндігі шектеулі студенттердің жалпы білім беру мекемелерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсынып, қол ұшын созу. Сондай-ақ, жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту.

Айта кетейік, Ерекше білім беруді қолдау орталығының меңгерушісі, п.ғ.к., Гүлсара Тоққұлова мен орталық маманы п.ғ.к., Мария Жаздықбаева бүгінге дейін 500 оқытушыға курс өтті. Жоспарға сәйкес,  жыл соңына дейін 400 оқытушы біліктілік курстарына қатысады.