shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Студенттердің XXXII ғылыми-теориялық конференциядағы ғылыми жетістіктері

Университетте өткен XXXII ғылыми-теориялық конференцияның ұйымдастырылуына байланысты Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасының студенттері арасында дәстүрлі студенттік конференция өткізілді. Бұл конференцияда қазылар алқасының басым дауысымен FAD-211B тобының студенті Динара Әшимхан «Ағылшын филологиясы студенттерінің транслангуиджингке қатысты көзқарастары мен қабылдаулары» атты ғылыми зерттеуі үшін I орынға ие болды.
Ғылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы Вилдан Инжи Кавак.

II орын екі студентке берілді.
Екінші орын иегерлерінің бірі – FAD-211A тобының студенті Айгүл Абинова. Оның «Жоғары білім беру жүйесінде ағылшын филологиясы оқытушыларының ChatGPT қолдануы: тәжірибе, қиындықтар және студенттердің оған деген көзқарасы» атты зерттеу жұмысы қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Ғылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы Вилдан Инжи Кавак.

Екінші II орын иегері – FAF-211B тобының студенті Айгүн Ұтқу, ол «Дж. Г. Баллардтың High-Rise шығармасына метамодернистік талдау» тақырыбындағы зерттеуін ұсынды.
Ғылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы Энес Кавак.

III орын үш студентке берілді.
«Өрмекші-адам: Өрмекші Әлем арқылы» анимациялық фильмін қазақ тіліне аударудағы ерекшеліктер: Американдық мәдениетті интерпретациялау» атты жұмысы FAD-311F тобының студенті Аялы Бескенге III орын әкелді.
Ғылыми жетекшісі – оқытушы А. Айтжан.

Келесі үшінші орын иегері – FAD-411F тобының студенті Ақниет Бексұлтан. Оның «Британ және Американ ағылшындары сөйлеушілері арасындағы қарым-қатынасқа екпін айырмашылықтарының әсері» атты зерттеуі жоғары бағаланды.
Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы М. Шерімбетова.

Үшінші үшінші орын иегері – FAD-411F тобының студенті Майда Сәрсенбай. Ол «Әлемдік музыка индустриясына аударма ісінің ықпалы және оның маңызы» атты зерттеуін ұсынды.
Ғылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы Г.Т. Шерияева.