Миссия және көрініс
.png)
Миссия
Бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындау.
Міндет
- Ілеспе, ауызша және жазбаша аудармалар саласында жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
- Филологиялық циклдің білім беру пәндерінің кешені және тіл және сөйлеу қызметі саласындағы теориялық және қолданбалы білімін тереңдету және дамыту
Стратегиялық мұраты
Ағылшын филологиясы және аударма ісі салаларында сапалы білім беруді, ғылыми ізденісті және кәсіби тәжірибені ұштастыратын, ұлттық құндылықтарға негізделген және халықаралық академиялық кеңістікке ықпалдасқан жетекші кафедраға айналу. Көптілді ортада еркін әрекет ететін, мәдениетаралық диалогты дамытатын, сыни және шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, кәсіби әдепті ұстанатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Осы мұратқа жету жолында білім беру мазмұнын үздіксіз жетілдіру, аударма мен тіл оқытудағы цифрлық технологияларды тиімді қолдану, ғылыми зерттеулерді қолдау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы қоғамның зияткерлік және мәдени дамуына үлес қосу.
Мақсат
Ағылшын филологиясы және аударма ісі бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілігі жоғары, бірнеше тілді еркін меңгерген, еңбек нарығының талаптарына бейімделе алатын білікті мамандар даярлау. Білім алушылардың тілдік, әдебиеттанулық, аудармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту, теориялық білімін кәсіби тәжірибемен ұштастыру. Заманауи оқыту әдістері мен цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру, академиялық адалдықты, кәсіби жауапкершілікті және мәдениетаралық қарым-қатынас құзыретін қалыптастыру.
Сабақ кестесі
ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ КАК ИНСТРУМЕНТ ИНДИВИДУАЛИЗАЦИИ ОБУЧЕНИЯ В ФИЛОЛОГИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ
Тәуелсіз елдің - талантты жастары
Эльмира Адилбекованың семинары.
Хабарландыру!
«Абай және бүгінгі заман» тақырыбында кездесу 