Білім беру бағдарламасы
5+
Білімгер
314+
Жұмыспен қамтылған
93%
ОПҚ
28+

Біз туралы

«Қазақ филологиясы» кафедрасының негізі 1991 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қаланды. Одан беріде «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» кафедралары өз алдына жеке кафедраларға бөлінді. Кейін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Журналистика» кафедралары бірікті. «Журналистика» кафедрасының бөлініп кетуіне байланысты 2017 жылы кафедра атауы «Қазақ филологиясы» кафедрасы болып өзгерді. Жылқыбай Гүлімжан  Қызметқызы 2017-2018 оқу жылынан бері кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Қазіргі таңда кафедра университеттегі ең ғылыми потенциалы жоғары интеллектуалдық-шығармашылық орталыққа айналды. Кафедра жоғары зияткерлік әлеуетке - ЖОО ғалымдары мен профессор-оқытушы құрамына ие. Кафедраның ғылыми дәрежесі -90%, олар - 22 білікті оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 1 Phd, 8 қауымдастырылған профессор, 8 ғылым кандидаты, 2 магистр оқытушы.

Кафедра ғалымдары «Түркі мәдениетінің сабақтастығы: түркі халықтарының дүниетанымы мен тарихы, тілі мен әдебиеті, түркология ғылымының қалыптасу кезеңдері, тілдік байланыстарды теориялық-әдістемелік зерттеу аспектілері» тақырыбы бойынша белсенді түрде жұмыс жасайды.

Қазақ филологиясы кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Қазақ филологиясы кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B02336 — Филология: қазақ филологиясы

Филология: қазақ филологиясы

Әлеуметтік және азаматтық сауаттылыққа ие мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, пәндік білімі терең, инклюзивті білім беру ұстанымдарын ескере  отырып оқу-тәрбие үдерісін жоспарлайтын, ұйымдастыратын және бағалайтын, ғылыми-педагогикалық зерттеу дағдыларын  игерген, инновацияға ашық,  қазақ тілі мен әдебиетінің креативті көшбасшы мұғалімдерін дайындау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

Қабылдау шарттары
  • Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасынаоқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
Бағдарлама нәтижелері
  • өзінің эмоционалды интеллектін және қазіргі заманғы көшбасшының негізгі дағдыларын, өз уақытын және өз әлеуетін ұйымдастырудың тиімділігін талдау және бағалау дағдыларын пайдалана отырып, өз қызметін және кәсіби дамуын жоспарлаудың тиімді құралдарын анықтау және таңдау арқылы  креативті шешімдер қабылдап өзінің кәсіби қызметін ұйымдастырады. 
  • тарихи фактілерді, принциптерді, рухани құндылықтар мен тілдік ерекшеліктерді білуге негізделген, тиімді мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асырады. 
  • экономикалық білімді, қаржылық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көрсете отырып, кәсіпкерлік қызметті, бизнес жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгерген. 
     
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • Жалпы білім беретін мектептер, лицей, гимназия, колледж, ғылыми-зерттеу орындары, шығармашылық ұйымдар, мемлекеттік жəне мемлекеттік емес мекемелер жатады.
     
Элективті пән каталогы
Оқу жұмыс жоспары
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз