Тарих және жалпы ақпарат
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ құрылымында болған өзгерістерге байланысты Жаратылыстану және медицина институтының "Тілдік пәндер" кафедрасы 2006 жылдың 1 қыркүйегінде қайта ашылды. Кафедра меңгерушісі болып ф.ғ. к. Қ. Жанатаев тағайындалды. Кафедра медицина факультетінің құрамына кірді. 2007-2008 оқу жылында кафедра бөлініп, "Шет тілдері"кафедрасына айналды. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ құрылымында болған өзгерістерге байланысты 2008 жылы 2 қыркүйекте "Шет тілдері" кафедрасы жабылып, оның орнына "Жаратылыстану мамандықтарына арналған ағылшын тілі" кафедрасы құрылды. Кафедра Филология факультетінің құрамына кірді.
2011-2012 оқу жылында кафедра "Шет тілдері"болып өзгертілді.
2014-2015 оқу жылында кафедра құрылымында кейбір өзгерістер болды, оқытылатын тілдер ауқымы кеңейді. Орыс, қытай және араб тілдері қосылды. Содан кейін кафедра "Әлем тілдері" кафедрасы деп аталды. Кафедра 5В011800-Орыс тілі мен әдебиеті, 5В021000-Шетел филологиясы: қытай тілі мамандықтары бойынша мамандар даярлай бастады, сондай-ақ ағылшын, араб және латын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді.
2016-2017 оқу жылында кафедра "Жалпы академиялық ағылшын тілі" кафедрасына және "Әлем тілдері"кафедрасына бөлінді. 2016-2017 оқу жылынан бастап "Әлем тілдері" кафедрасының меңгерушісі болып ф. ғ. к. С. Бейсембаева тағайындалды.
Өкілетті кеңестің 73-ші отырысының 2022 жылғы 03 желтоқсандағы шешімімен "Әлем тілдері" кафедрасы "Орыс тілі және әдебиеті" кафедрасы болып өзгертілді. (13.12.2022 ж. № 1/539).
6В01717 - орыс тілі мен әдебиеті, 6В01764 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті, 7М01738 – Орыс тілі мен әдебиеті бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Ахмет Ясауи университетінің филология факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бейіндік пәндер бойынша білім беру бағдарламаларына 1 ғылым докторы, профессор, 5 ғылым кандидаты қызмет көрсетеді, олардың екеуі ЖАК доценттері, 1 білім магистрі, 2 оқытушы, 1 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімі (дуальды оқыту шеңберінде).