Заң және тәртіп- құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі
2026 жылғы 15 қазанда «Заң және тәртіп- құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында тәрби сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Іс- шара барысында заң үстемдігінің маңызы, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Тәрбие сағаты студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етті. Тәрбие сағаты барысында студенттерге заң және тәртіп тақырыбына байланысты түрлі сұрақтар қойылып, олардың пікірлері тыңдалды. Заңды сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасу жүргізілді. Студенттер қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында заңға құрметпен қараудың және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сабақ кестесі
ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ КАК ИНСТРУМЕНТ ИНДИВИДУАЛИЗАЦИИ ОБУЧЕНИЯ В ФИЛОЛОГИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ
Тәуелсіз елдің - талантты жастары
Эльмира Адилбекова Семинары
Эльмира Адилбекованың семинары.
