«Абай тағылымы» әдеби-танымдық кеші
2026 жылдың 17 сәуір күні университет кітапханасында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Филология факультеті Түрік филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасына арналған «Абай тағылымы» атты әдеби-танымдық кеш жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау, оның рухани мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу және ұлттық құндылықтарды жаңғырту.
Кешті абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Мақсат Әліпхан мазмұнды баяндама оқыды. Ғалым өз сөзінде Абайдың терең философиялық ойларын жан-жақты талдап, оның шығармаларының бүгінгі қоғам үшін маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Абай әлемінің әлі де ашылмаған қырлары бар екенін айтып, жастарды ұлы ойшыл еңбектерін терең оқуға шақырды.
Кеш барысында:
– Абайдың қара сөздерінен тағылымды үзінділер оқылды;
– студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды;
– «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» секілді әндер орындалды;
– Абай әндерінен попурри ұсынылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Емтихан кестесі
ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ КАК ИНСТРУМЕНТ ИНДИВИДУАЛИЗАЦИИ ОБУЧЕНИЯ В ФИЛОЛОГИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ
Тәуелсіз елдің - талантты жастары
Эльмира Адилбекованың семинары.
Хабарландыру!
«Абай және бүгінгі заман» тақырыбында кездесу 