Халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби, коммуникативтік, мәдениетаралық, ақпараттық, стратегиялық құзыреттіліктің жоғары деңгейімен қойылған кәсіби міндеттерді шешу және шетел тілінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талдау үшін сыни ойлау стилі мен креативтілікті меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.