shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы / Докторантура

8D01713 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Course Image Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы

өзгеріс үстіндегі әлемде кәсіби құзіреттілік пен әлеуметтік мобильділікті қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, сондай-ақ іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі.дайындығы бар еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау. лингвистикалық/әдебиеттанулық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту, ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және инновациялық технологияларды қолдануды жүзегеасыру. педагогикалық қызметті іске асыру үшін психологиялық, педагогикалық білімді меңгерте отырып, жоғарғы әлеуметтік және азаматтық

жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті (PhD) Философия докторының  негізгі және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін   пайдаланады
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады 
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
     
  • Докторантураға «магистр» дәрежесін  алған және кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі бар адамдар қабылданады. Докторанураға үміткерлер шет тілін білетіндігін дәлелдейтін жалпы еуропалық құзыреттіліктеріне (стандарттарына) сәйкес келетін халықаралық сертификаттарды ұсынады. Докторантураға оқуға түсу емтиханының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. 
     
  • Білім беру (педагогикалық) қызметі: жоғары оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары (коледждер, училищелер), басқару органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар, мекемелер.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі: тіл білімі мен әдебиеттанудың қазіргі жағдайы мен тарихи дамуы тұрғысынан зерттеу. 
  • Әдеби-шығармашылық қызмет: әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында, құжаттар тілін жүргізу, БАҚ-тағы қызмет.
  • Ұйымдастыру-басқарушылық қызмет: педагогикалық-ұйымдастыру; әкімшілік-басқару; мәдени-ұйымдастыру. 
  • Білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлері.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
  • Жоғары оқу орындары. 
  • Ғылыми-зерттеу институттары. 
  • Білім беру саласындағы өкілетті және жергілікті атқарушы органдар; 
  • Бұқаралық ақпарат құралдары: радио, телевидение, баспасөз.