shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

«Педагогикалық шетел тілдері» кафедрасының негізі «Ағылшын тілі» кафедрасы болып 1991 жылдың қыркүйек айында құрылды. Алғашқы кезде кафедрада 4 оқытушы қызмет атқарды. Бес жыл ішінде оқытушы-профессорлар құрамының саны 30-ға жетті. 

1995-1996 оқу жылында 021500 – «Ағылшын тілі мен әдебиеті» мамандығы ашылуына байланысты, кафедра «Ағылшын филологиясы» және «Ағылшын тілі» кафедрасына бөлінді. «Ағылшын филологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып, ғылым кандидаты, доцент Т. Баймахан тағайындалды. 

2020-2021 оқу жылында «Ағылшын филологиясы» кафедрасы дайындайтын мамандықтардың білім беру саласына сәйкес даярлау бағыты бойынша «Педагогикалық шетел тілдері» және «Ағылшын филологиясы және аударма ісі» кафедраларына бөлінді. 2020 жылдан бері  кафедраның меңгерушісі қызметін М.Е. Сейтова атқарып келеді.