“Қазақстанның конституциялық эволюциясы: көшпелі басқарудан заманауи басқаруға дейін” тақырыбында ғылыми семинар (онлайн) ұйымдастырылды
Заң факультетінің оқытушы-профессорлары мен білім алушылары үшін “Қазақстанның конституциялық эволюциясы: көшпелі басқарудан заманауи басқаруға дейін” тақырыбында ғылыми семинар (онлайн) ұйымдастырылды.
Спикер: Хасенов Муслим Ханатұлы
Magsut Narigbayev university қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасы Конституциялық соты жанындағы Ғылыми кеңестің мүшесі, Гарвард университетінің профессоры.
Ғылыми семинар барысында Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының тарихи кезеңдері, конституциялық құрылымның қалыптасу динамикасы және заманауи басқару моделінің ерекшеліктері жан-жақты талқыланды. Семинар нәтижелері төмендегідей қорытындыланды:
1. Көшпелі басқару жүйесінің құқықтық негіздері ашылды
• Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билік тармақтары – хан, би, батыр институттарының атқарған ролі сараланды.
• «Жеті Жарғы» секілді құқықтық нормалар жиынтығы алғашқы конституциялық элементтер болғаны атап өтілді.
2. Патшалық және Кеңестік кезеңдегі конституциялық өзгерістер қарастырылды
• Ресей империясының отарлық басқару жүйесі қазақ даласындағы билік құрылымын қалай өзгерткені көрсетілді.
3. Тәуелсіз Қазақстан Конституцияларының эволюциясы зерттелді
• 1993 жылғы Конституцияның өтпелі кезеңдегі орны, парламенттік-президенттік модельдің ерекшеліктері түсіндірілді.
• 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы – заманауи президенттік басқару жүйесінің басталуы ретінде бағаланды.
• 2017, 2022 жылдардағы конституциялық реформаның маңызы туралы айтылды.
4. Заманауи басқаруға көшу үрдістері талқыланды.
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Емтихан кестесі
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer 