shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Күміс университеті жобасы

 Күміс университеті жобасы аясында Заң факультетінде «Мұрагерлік құқық: құқық қолдану практикасы» дамыту курсы өз жұмысын бастады.

Алғашқы сабақта тыңдаушылар мұрагерліктің негіздері, заң бойынша мұрагер болу тәртібі, мұраны қабылдау және одан бас тарту мәселелерімен танысты. Сабақ интерактивті форматта өтіп, ойын әдістері арқылы сот тәжірибесінен алынған шынайы кейстер талданды. Қатысушылар «нотариус», «мұрагер», «дауласушы тарап» рөлдерінде құқықтық шешім қабылдау дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданды.

Курс тренері – Иманбекова Мәншүк Мәжитқызы, PhD, Заң факультеті Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Түркістан–Қызылорда облыстары бойынша Заңгерлер палатасының заңгер-консультанты. Мұрагерлік істер бойынша мол тәжірибесі бар маман тыңдаушылармен практикалық бағытта жұмыс жүргізуде.

Курс бойынша алғашқы тыңдаушылар – Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметін алушылары болды.

Курс аға буын өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған тәжірибелік форматта жалғасады.