shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Күміс университеті жобасы аясында «Мұрагерлік құқық: құқық қолдану практикасы» дамыту курсы

Күміс университеті жобасы аясында «Мұрагерлік құқық: құқық қолдану практикасы» дамыту курсы бойынша сабақтар жалғасуда. Бүгінгі сабақта өсиет бойынша мұраға ие болу негіздері қарастырылды.

Сабақ барысында тыңдаушыларға өсиет ұғымы, өсиетті жасау тәртібі, өсиетті куәландыру ерекшеліктері, сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлердің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірілді. Сонымен қатар өсиеттің күшіне енуі, өсиетті орындаушының рөлі, міндетті үлес мәселесі және мұрагерлік даулардың алдын алу жолдары нақты мысалдар арқылы талқыланды.

Тыңдаушылар сабаққа белсенді қатысып, күнделікті өмірде жиі кездесетін мұрагерлік жағдайлар бойынша сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Практикалық кейстер арқылы өсиет жасаудың маңыздылығы және оның құқықтық салдары түсіндірілді.

Курс барысында қатысушылар мұрагерлік құқықтың негізгі ережелерімен қатар, нотариаттық рәсімдеу тәртібі және мұрагерлік қатынастарда туындайтын дауларды шешу жолдары туралы пайдалы ақпарат алуда.