shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті.

Заң факультетінде «Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті. Семинар тренері – Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Иманбекова Мәншүк Мәжитқызы.

Семинардың мақсаты – азаматтық құқық пәндері бойынша лекция сабақтарын заманауи, тиімді және интерактивті әдістер арқылы өткізу тәжірибесін жетілдіру. Тренинг барысында проблемалық сұрақтар, кейс-талдау, геймификация элементтері және визуалды схемаларды қолдану тәсілдері таныстырылды.

Семинардың практикалық бөлігінде Workshop ұйымдастырылып, қатысушылар топпен жұмыс жасап, инновациялық лекция құрылымын әзірледі және өз идеяларын ұсынды.

Іс-шараға заң факультетінің әдістемелік кеңес төрайымы, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысып, workshop тапсырмаларын орындауда белсенділік танытты.