shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Қылмысқа дейінгі бір қадам: дұрыс таңдау және заң»

Заң факультетінің тәрбие және ғылым ісі жөніндегі декан орынбасары Першеев Алишер Сапарбековичтің ұйымдастыруымен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Қылмысқа дейінгі бір қадам: дұрыс таңдау және заң» тақырыбында ақпараттық-құқықтық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылыққа алып келетін негізгі себептер мен факторлар, заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Қылмыстық құқық» кафедрасының меңгерушісі А.К. Рустемова және «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасының меңгерушісі Н. Абдраманова қатысып, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Спикер А. Рустемова адвокаттық қызмет бағытында құқықтық жағдайларға тоқталып, олардың шешілу жолдары жөнінде мағлұмат бере отырып, студенттерді қылмыстың алдын алу мақсатында құқықтық кеңестер берді .

Сонымен қатар студенттерге құқық бұзушылықтың салдары, қылмыстық жауапкершілік және заңды әрекет етудің маңызы түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған пайдалы кеңестер ұсынылды.

Іс-шара соңында студенттер мамандарға өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу жастардың құқықтық білімін арттыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған маңызды алаң болды.