Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Үлкенге құрмет – кішіге ізет: ұстаз бен шәкірт үндестігі»

Ұстаздар күніне орай тәрбиелік мәні зор «Үлкенге құрмет – кішіге ізет: ұстаз бен шәкірт үндестігі» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, үлкенге ізет көрсету, кішіге қамқор болу, сондай-ақ ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық пен рухани байланысты дәріптеу.

 Тәрбие сағаты барысында оқушылар ұстазға деген ыстық ықыластарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Ұстаз еңбегінің қадірі мен шәкірт тәрбиесіндегі маңызды рөлі туралы ой бөлісіп, тағылымды әңгімелер мен тәрбиелік іс-шараларға қатысты.

 Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, жүрекке жол табатын ұлы тұлға.
Барша ұстаздарға еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз биіктен көріне берсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз!