Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҚАЗАҚ ТІЛІ-ҒЫЛЫМ ТІЛІ: DIGITAL QAZAQSTAN ДӘУІРІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТРАНСФОРМАЦИЯ» ІІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

ҚАЗАҚ ТІЛІ-ҒЫЛЫМ ТІЛІ: DIGITAL QAZAQSTAN ДӘУІРІНДЕ ҒЫЛЫМИ ТРАНСФОРМАЦИЯ»  
ІІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

28 қыркүйек Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи университетінің ректорат ғимаратының сенат залында «Жаңа Конституция: қазақ тіліндегі құқықтық дискурс, ғылыми жарияланымдар және цифрлық трансформация» атты ІІІ. Халықаралық симпозиумының 4-ші секциясы өтті.
Модератор - Заң факультетінің деканы Әлия Қасымбек жиын барысында келген қонақтарға алғыс айтып, 4-ші секцияның тақырыбы неліктен дәл осы бағытта таңдалғанын, оның қоғам мен ғылым үшін өзектілігін кеңінен түсіндіріп өтті.
Секция отырысында еліміздің әр өңірінен келген жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың өкілдері баяндама жасады:
-Күлтай Әділова (Ұлытау университеті) - «Жаңа Конституция құндылықтары және жоғары білім: құқықтық мәдениет пен кәсіби жауапкершілікті қалыптастыру».
-Ахатов Уалихан (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) - «Цифрлық ортадағы авторлық құқық: қазақ тіліндегі ғылыми жарияланымдарды құқықтық қорғау».
-Қарлығаш Усеинова (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) - «Қазақтілді заң контентіне жасанды интеллектті қолданудың этикалық-құқықтық стандарттары».
-Толқын Нұрышева (Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы) - «ҚР Конституциясы негізінде заң ғылымы мен сот практикасын интеграциялаудағы ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының рөлі».
-Айгуль Асылбекова (Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясы) - «Цифрлық дәуірдегі қазақ тіліндегі құқықтық ғылыми дискурс: «Сот төрелігі академиясы хабаршысының» жариялау қызметінің ерекшеліктері».
-Гакку Рахимова (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) - «Білім берудегі жасанды интеллект мәселелері: АҚШ пен Қазақстан тәжірибесі».
-Нұржан Мақсатов (Каспий қоғамдық университеті) - «Жасанды интеллект және қазақ тіліндегі құқықтық ғылым: мүмкіндік пе, әлде жаңа ғылыми сын-қатер ме?».
Сонымен қатар жастар тарапынан қойылған көкейкесті сауалдар жан-жақты талқыланды. Секция соңында модератор - Заң факультетінің деканы Әлия Қасымбек келген қонақтарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттарды салтанатты түрде табыстады.