ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ТАЗА БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ
26 қыркүйек күні Заң факультетінің білім алушыларының қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыру» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, оларды табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғаудағы жеке жауапкершілігін қалыптастыру.
Іс-шара барысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және күнделікті өмірде экологиялық мәдениетті орнықтыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар табиғатты қорғауға қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған пайдалы әрекеттерді бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
Аталған іс-шара білім алушылардың экологиялық санасын арттырып, туған жердің тазалығы мен табиғатын сақтауға деген жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі!
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Заң факультетінде халықаралық конференция өтті
«Халықаралық құқық және мемлекеттердің күш қолдануы»
"Scopus, Web of Science журналдарында мақала жариялаудың лайфхактары" 