БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасы ЗКТ-412 тобының студенті, Жас сайлаушылар клубының төрағасы Темір Бибайша Алымжанқызы қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі мен елдік бастамаларға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Университет қабырғасында кәсіби білім алумен қатар, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүріп, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға атсалысу – үлкен жауапкершілік пен елжандылықтың көрінісі.
Жас сайлаушылар клубының төрағасы ретінде Бибайша Алымжанқызы жастардың құқықтық және саяси сауаттылығын арттыруға, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына және саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруына бағытталған бастамаларға белсене қатысып келеді.
Оқу мен қоғамдық қызметті қатар алып жүрген студентіміздің бастамашылдығы, жауапкершілігі мен ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымы – болашақ заңгерге тән биік қасиеттердің айқын көрінісі.
Заң факультетінің студенті Темір Бибайша Алымжанқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғамдық қызметтегі белсенділігіңіз бен білім жолындағы ізденісіңіз толастамай, әр бастамаңыз ел игілігіне қызмет етсін. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, университетіміз бен факультетіміздің абыройын асқақтата беруіңізге тілектеспіз!
Жаңа Конституция – Жаңа Қазақстан
Заң факультетінде Қылмыстық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтетінін хабарлаймыз.
ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Сабақ кестесі
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Заң факультетінде халықаралық конференция өтті 