Білім беру бағдарламасы
6+
Білімгер
214+
Жұмыспен қамтылған
85.9%
ОПҚ
41+

Біз туралы

Орындаушылық өнер кафедрасының тарихы 1995 жылы ҚР Халық әртісі, профессор Р.Сейтметовтың қолдауымен, 0602 – Орындаушылық өнер, 060240 – Актерлік өнер мамандығынының ашылуымен басталды. Кафедра меңгерушісі болып профессор Р.Сейтметов тағайындалып, жан-жақтан білікті мамандарды дәріс беруге шақырды. Айтар болсақ, театр сыншысы ө.ғ.д, профессор Б.Құндақбаев, п.ғ.к., доцент А.Ш.Кужахметова, ө.ғ.к., доцент К.М.Сейтметов, ө.ғ.к., А.Жұмаш, Балетмейстер, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері М.Қ.Баубеков, п.ғ.к., аға оқытушы А.Куздеубаева,  Республикалық «Жас қанат - 95» ән байқауының дипломанты, сазгер А.Н.Дүйсенов секілді ұстаздар алғашқы дәрістерді бастап, шеберлік сыныбына белгілі актер ҚР Халық әртісі А.Әшімов, С.Оразбаев, Д.Тұранқұлова, театр сыншысы Ә.Сығай шақырылып отырды. Алғашқы шәкірттер 3 курстан бастап екі тілде спектакльдерді ойнай бастады. 1997 жылдан бастап гастрольдік сапарларға шығып Түркия мемлекетінің бірнеше қалаларына барып, Б.Вахапзаденің «Көк түріктер» тарихи драмасы мен С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» драмасын түрік тілінде сахналап қайтты. 

Орындаушылық өнер кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Орындаушылық өнер кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B02122 — Дәстүрлі музыка өнері (Халық әні)

Дәстүрлі музыка өнері (Халық әні)

Дәстүрлі музыка өнері саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімдерді меңгерген, оларды кәсіби қызметінде тиімді қолдана алатын, шығармашылық, орындаушылық, әлеуметтік-коммуникативтік және зерттеушілік дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті өнер бакалаврын даярлау.

Білім беру бағдарламасы оқу үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, сондай-ақ түлектердің даярлық сапасын бағалау жүйесін реттейді. Сонымен қатар, білім алушылардың сапалы кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік материалдар мен заманауи білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

Бағдарлама нәтижелері
  • Музыкалық – теориялық пәндердің, қазақ және әлемдік музыка тарихының, халық шығармашылығының, фольклорлық және вокалдық ансамбльдің негіздерін қоса алғанда, дәстүрлі музыкалық өнер саласындағы білімі мен түсінігін көрсетеді.
  • Oрындаушылық интонация мәдениетін, музыкалық шығарманың стиліне сәйкес көркемдік экспрессивтілік құралдарының кешенін пайдалану шеберлігін жетілдіреді, әртістік, өз ойын білдіру еркіндігін, кәсіби қызметтің орындаушылық ерік-жігерін көрсетеді.
     
Қабылдау шарттары
  • 6В021 – Өнер бағыты (Дәстүрлі музыка өнері (халық әні)) бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және екі шығармашылық емтихан мен Ұлттық бірыңғай тесті немесе кешенді тест тапсыру сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер арнайы дайындықтан (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) өтуі қажет. (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
Оқу бағдарламасы
Кәсіби қызмет саласы
  • Концерттік-орындаушы.
  • Халық аспаптар оркестрлері мен ансамблдерінде артист.
  • Ғылымизерттеушілік.
  • Шығармашылық ұйым.
  • Мәдениет бөлімдерін басқару.
  • Мәдениет менеджері.
Элективті пәндер катологы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер
PDF in HTML

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз