shape
shape

Бағдарламалар

Өнер, медиа және дизайн факультеті / Орындаушылық өнер кафедрасы / Бакалавриат

6B01406 - Музыкалық білім

Course Image Өнер, медиа және дизайн факультеті Орындаушылық өнер кафедрасы

Музыкалық білім беру саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімдерді меңгерген, оларды кәсіби-педагогикалық қызметінде тиімді қолдана алатын, шығармашылық, орындаушылық, әлеуметтік-коммуникативтік және зерттеушілік дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті білім бакалаврын даярлау.

Білім беру бағдарламасы оқу үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, сондай-ақ түлектердің даярлық сапасын бағалау жүйесін реттейді. Сонымен қатар, білім алушылардың сапалы кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік материалдар мен заманауи білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті .
  • Дирижерлік-хор дағдыларын, сондай-ақ дауыс қою, вокалдық-хор репертуарын таңдау, музыкалық аспаптарда ойнау тәсілдерін қалыптастыра отырып, хормен жұмыс істеу кезінде орындаушылық шеберлікті арттырады.
  • 6В014 – Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау (Музыкалық білім) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы және шығармашылық емтихандардан сәтті өткен болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Kәсіби қызмет нысандарына орта білім беретін оқу орында. мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары.бастауыш,негізгі және бейіндік мектептер. мамандандырылған мектептер. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұымдар болып табылады.
     
PDF in HTML