shape
shape

Бағдарламалар

Өнер, медиа және дизайн факультеті / Орындаушылық өнер кафедрасы / Бакалавриат

6B02196 - Музыкалық театр артисті

Course Image Өнер, медиа және дизайн факультеті Орындаушылық өнер кафедрасы

Музыкалық драма театр артисі саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімдерді меңгерген, оларды кәсіби қызметінде тиімді қолдана алатын, шығармашылық, сахналық-орындаушылық, әлеуметтік-коммуникативтік және зерттеушілік дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті өнер бакалаврын даярлау.

Білім беру бағдарламасы оқу үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, сондай-ақ түлектердің даярлық сапасын бағалау жүйесін реттейді. Сонымен қатар, білім алушылардың сапалы кәсіби даярлығын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік материалдар мен заманауи білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

– музыкалық-драмалық театр өнері саласындағы теориялық және практикалық білімдерін кәсіби қызметте қолдана алады;
– актерлік шеберлік, сахна тілі, сахна қозғалысы және вокал бойынша кәсіби дағдыларды меңгереді;
– музыкалық-драмалық қойылымдарда көркем образ жасап, сахналық мәдениетті сақтай отырып орындай алады;
– шығармашылық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру қабілетіне ие болады;
– ұжыммен тиімді жұмыс жасап, кәсіби коммуникация дағдыларын қолдана алады;
– өнер саласындағы заманауи үрдістерді талдап, шығармашылық және зерттеушілік қызмет жүргізе алады;
– кәсіби қызметінде этикалық және мәдени құндылықтарды басшылыққа алады.

Шығармашылық емтихан басталғанға дейін талапкерге шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі түсіндіріледі, шығармашылық емтихан басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны, аппеляцияға өтініш беру процедуралары айтылады.
В027 -«Театр өнері»  білім беру бағдарламасы бойынша:
І-шығармашылық емтихан: «Актер шеберлігі», «Сахна тілі»;
ІІ-шығармашылық емтихан: «Би», «Вокал».
Оқуға түсуші талапкер автордың айтайын деген ойын, талап-тілегін тыңдаушысына толық жеткізе білуі керек:
•    Проза (үзіндіні жатқа оқу);
•    Поэзия (жатқа оқу);
•    Мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу;
•    Этюд (өмір құбылысынан шағын көрініс)
Оқуға түсуші әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Оқуға түсуші прозадан үзінді оқу арқылы сенім шындығы мен көру, бақылау қабілетін көрсетіп, мысал арқылы сөз астарын ашу және мимикалық әрекет ньюанстарын, өлең оқу арқылы зейін және сезім шындығын көрсете алады. Этюд орындау арқылы кеңістік пен өлшемді дұрыс пайдалану, елестету, сезіну функцияларын аша алады.
Шығармаларды орындау кезінде келесі қабілеті мен білім деңгейі ескеріледі:
-    Талапкер оқыған шығармасы арқылы автордың айтайын деген ойын, оның мазмұнын аша білуі. Тілдің тазалығы  мен сөздің анық болуы.
-    Талапкердің сахналық түр келбеті болуы тиіс, физикалық жағынан және сөз сөйлеу мәнерінен кемшіліктер болмауы керек.
-    Бойы 165 см-ден төмен болмауы керек.
Оқуға түсуші талапкердің есту және есте сақтау қабілеті, ырғақ, сезім, музыкалық сауаттылық, ән салу, биге икемділік қабілеті қаралады. 
-    Вокал (қазақтың халық әндерін, халық композиторларының, шетел әндерін эстрадалық немесе академиялық жанрда сүйемелдеумен (қалаған аспабымен) орындай алуы);
-    Би (классикалық, халық немесе заманауи би композициясы, пантомимо)
Бұл емтиханда оқуға түсушінің шығармашылық деңгейі бағаланады:
•    Талапкер өзінің сахналық мәдениетін, талғамын, ептілігін, музыкалық қабілетін, пластикасын көрсете білуі шарт.
•    Талапкер дауыс иірімін, дауыс диапазонын, есту, сезіну, би қабілетін көрсетуі керек.

 

Эксперименталды-зерттеу қызметі саласында: күрделі емес шығармашылық экспериментті жоспарлайды және жүргізеді; өзінің кәсіби қызметіне зерттеудің дидактикалық тиімді нәтижелерін енгізеді.
Ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: жоспарлау кезінде өнер және мәдениет мекемелерінің өндірістік бөлімшелеріне, оқу орындарына, шығармашылық ұжымдарға, мәдениет бөлімдеріне басшылық жасау және шығармашылық ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады. 
Әлеуметтік-этикалық қызмет саласында: қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін барабар орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгеру, әлеуметтік-этикалық мәселелер мен өзінің этикалық ұстанымын анықтау үшін өз бетінше шешім қабылдау.
Шығармашылық қызмет саласында: театрда, кинода, теледидарда, эстрадада рөлдерді орындау, жеке өнер көрсету, ансамбльде, хорда ән айту, радио мен теледидардың жетекші бағдарламалары ретінде өнер көрсету.