Инклюзивті білім беру қағидаттарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулер, оқу-тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын меңгерген, әлеуметтік, азаматтық сауаттылығы мен терең пәндік білімі бар, инновацияларға ашық, мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті орыс тілі мен әдебиеті креативті көшбасшы мұғалімдерін даярлау.
Білім беру бағдарламасы кәсіби қызметке қажет іргелі білім, дағды және құзіреттіліктері; экологиялық, этикалық, құқықтық және ойлау мәдениеті; тілтанымдық білімі мен білігі; жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтары қалыптасқан, Қазақстан Республикасы халықтарының достығына, толеранттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеленген орыс тілі мен әдебиеті бакалаврын сапалы дайындайды. Дублин дескрипторының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қалыптастырады.