shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми негіз және әлеует бар. 

Мамырбекова Айжан Кумекбаевна ҚР БҒМ, 2020 жылғы «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» иегері.

Мамырбекова Агуль Кумекбаевна ҚР БҒМ, 2021 жылғы «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» иегері.

Нұрдинов Нұрсұлтен Сейсенбайұлы Қожа Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті оқытушылары арасында «ТҰРАН ДАУЫСЫ» ән байқауы, Бас жүлде (Гран-При) иеленді, 2023ж. Түркістан қаласы.

Студенттеріміздің жетістіктері

2021-2022 оқу жылында 6В10155-Жалпы медицина мамандығының 2-курс студенті Темір Аружан Алматы қаласы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде болып өткен 1-3 курс білім алушылар арасында әржылғы Халықаралық Биохимия пәндік Олимпиадада 2-орынға ие болып, ІІ дәрежелі Диплом алды.

2022-2023 оқу жылында 21 сәуір 2023 жыл Алматы қаласы, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде болып өткен 1-3 курс білім алушылар арасында әржылғы Халықаралық Биохимия пәндік Олимпиадада 6В10155-Жалпы медицина мамандығының 2-курс студенттері: Оңдасын қарақат талғатқызы, Ибрагимов Айберген Бақбергенұлы, нариманқызы Толғанай, Бектемір Махдия Маратқызы, Серғазы Досымжан Құрманғазыұлы 2-орынға ие болып, ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды.

2023-2024 оқу жылында Студенттердің кезекті ХХХІІ-ші ғылыми-теориялық конференциясында жетекшілік еткен Стоматология факультетінің 3 курс студентті Алихан Айтинаның "Электронды темекінің адам организміне зияны" атты ғылыми тақырыбы факультет бойынша І-орын алып, университет деңгейінде І-орын алған жүлдегерлер арасында өткізілген PechaKucha байқауында да жүлделі І-орын иеленді (Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Н.С.Нұрдинов).