Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері
Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми негіз және әлеует бар.
Кафедраның аға оқытушысы, PhD Нұрдинов Нұрсұлтан Сейсенбайұлы «Түркістан облысындағы дәріге төзімді эпилепсиямен ауыратын науқастардың генетикалық профилінің зерттелуі» тақырыбындағы 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру бағдарламасының жоба жетекшісі.
2025-2026 оқу жылында кафедраның оқытушы-профессорлар құрамының импакт факторы Q1, Q2 квартиль журналдарында 7 мақаласы жарық көрді.
Кафедраның аға оқытушылары, м.ғ.к. Татыкаева У.Б. 13.10.2025-24.10.2025 күндері аралығында Түркия Республикасы, Нигде Омер Халисдемир университетінде Жалпы патология бағыты бойынша; м.ғ.к. Тулежанов Н.К. 04.05.2026-16.05.2026 күндері аралығында Түркия Республикасы, Кырыккале университетінде «Орхун бағдарламасы негізінде екі апталық кезеңге тәжірибе алмасу мақсатында біліктілігін арттырып келді.
25.11.2025-30.11.2025 к.ндері аралығында аға оқытушы, м.ғ.к. Татыкаева У.Б. Түркия Республикасы, Стамбул қаласы, Acıbadem Mehmet Ali Aydınlar университетінің ұйымдастыруымен беипе-бет форматта өтетін ХV Ұлттық және Ш Халықаралық Медициналық Білім Беру Конгресіне қатысып келді.
2025-2026 оқу жылында кафедраға «Академиялық ұтқырлық», «Визитинг профессор» бағдарламалары аясында профессор-оқытушылар Андижан мемлекеттік медицина институтынан, Самарканд мемлекеттік медицина университетінен, Бухара мемлекеттік медицина институтынан 13 профессор оқытушылар келіп дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізіп, шебер сағаттарын өткізді.
Кафедраның 10 оқытушы-профессорлар құрамы Семей медицина университетіне, Алматы мемлекеттік медицина униыерситетіне, Смарканд мемлекеттік медицина университетіне, Бухара мемлекеттік медицина институттарына барып, тәжірибе алмасып келді.
Кафедрадағы пәндер бойынша 2026-2027 оқу жылында есептелген сағат мөлшері 11132,8 сағат және 19,75 штат бірлігі бойынша 3 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 1 PhD, 3 аға оқытушы, 3 магистр-оқытушы, 4 практик-оқытушы, барлығы 22 оқытушы-профессорлар құрамы жұмыс атқарды.
Кафедраның ғылыми дәрежелілігі – 54,5 %.
Білімгерлеріміздің жетістіктері
Білімгерлеріміз алыс, жақын шет елдерде, Қазақстанның түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі конференцияларға, білім сайыстарына, мастер кластарға қатысып, жүлделі орындар, мақтау қағаздарымен марапатталып өз білімдерімен көзге түсіп отырады.
05-06 желтоқсан 2025 жылы, Өзбекстан Республикасы, Самарканд қаласында өткен ЖОО студенттерінің «Самарканд-2020» атты VІ Халықаралық олимпиадасында 4 курс студенті Мырзаш Айгүл жүлделі ІІ дәрежелі диплом және 5 курс студенттері Исрайл Диана, Мейірбек Жанізет жүлделі ІІ дәрежелі диплом иеленді.
07-08 мамыр 2026 жылы, Өзбекстан Республикасы, Андижан қаласында өткен ЖОО студенттерінің «Андижан-2025» Халықаралық олимпиадасында 5 курс студенттері Исрайл Диана ІІ дәрежелі диплом, Сардаров Саддам жүлделі ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Сабақ кестесі
«Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тәжірибе 