ТҮРКИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР УНИВЕРСИТЕТ КЛИНИКАСЫНДА ОТА ЖАСАДЫ
Айтулы оталарды орталық дәрігерлерімен бірге жасау мақсатында Түркия Республикасы Стамбул университетінің профессоры, балалар урологы Юнус Сөйлет арнайы шақыртылды.
Айта кетейік, Юнус Сөйлет – оқу ордамызда ректор кеңесшісі қызметін атқарған білікті маман. Университет қабырғасында қызмет еткен жылдары балалар урологиясының танымал маманы ретінде Клиника-диагностикалық орталығында – «Гипоспадияны емдеудің заманауи тәсілдері» атты халықаралық мастер-класс өткізген.
Клиника ұжымы уақыт тауып, дәрігерлерге көмек қолын созған Юнус Сөйлет пен анестезиолог дәрігер Бақтыбай Кузжановқа алғыстарын білдірді.