Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ӨНІМДЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРИСТІК МАУСЫМНЫҢ АШЫЛУЫНДА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты туристік маусымның ашылу салтанаты өтті. Туристік маусымның ашылу салтанаты аясында қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі шаралар ұйымдастырылды. Наурыз көже, агрожәрмеңке, әуе шарлары шоуы және фотозоналар сияқты түрлі қызықты шаралар келушілердің назарын аударды.

Бұл ауқымды шарада университетіміздің өндірістік цехында дайындалған «Yasawi Eco Products» өнімдері де таныстырылды. Халық экологиялық таза, табиғи кептірілген өнімдердің дәмін татып, оларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 

Туристік маусымның ашылу салтанатында университетіміздің Кәсіби бағдар беру және маркетинг бөлімінің мамандары мен студенттеріміз де келушілерге білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, түрлі ойындар ұйымдастырып, сұрақ-жауап сессиясын өткізді. Бұл шара университетіміздің беделін арттырып, білімге құштар жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Осындай ауқымды шараларға қатысу арқылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті өз атын кеңінен танытып, қаланың рухани және мәдени дамуына зор үлес қосуға атсалысады. Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған бұл бастамалар өңірдің дамуына да үлкен серпін беретіні сөзсіз.