shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедарының ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 70%. Экономика, қаржы және есеп кафедрасына қарасты білім беру бағдарламасының студенттері әлемдегі және Қазақстанда болып жатқан «Халықаралық ғылыми-практикалық» конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Сонымен қатар, 2017-2021 жыл аралығында 2 студентіміз Түркияның үздік университеттерінде магистратура бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда.

Сыздықова Азиза Оралбаевна  – докторлық диссертатциясын Түркия Республикасында Гази университетінде қорғаған, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалымдарға арналған» мемлекеттік степендия иегері. Сонымен қатар  2023-2026 жылдарға арналған Түркістан облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі брендті басқару мәселелерін анықтау ғылыми жобаның жетекшісі.

Гулмира Жарылхасыновна Азретбергенова 2022-2023 оқу жылында, Қазақстанның Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының «500-Ғалым» жобасы аясында, Ұлыбританияның Бат университеті (University of Bath), Менеджмент мектебінде «Жоғары білім беруді басқарудағы көшбасшылық» (Leadership in Higher Education Management) бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.

Тағлымдама барысында заманауи университеттер мен жаһанданудың қауіп-қатерлері, тенденциялар мен трендтер, озық тәжірибелер туралы теориялық білімдерін шыңдап, UCL, University of Oxford, University of Falmouth, University of Brunel, University of Bristol, London Metropolitan University, University of Westminster, Borurnemouth Arts University тәрізді әлемдік рейтингі жоғары оқу орындарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ғылыми-педагогикалық тәжірибелеріне тың серпін беріліп, жоғары білім менеджменті бағытындағы жаңа зерттеулер бағытында жұмыс жасауда.

«The effective strategy for Kazakhstan higher education institution (HEI) according to best experience of UK» тақырыбында жоба қорғаған.
Азретбергенова Гулмира Жарылхасыновна- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ атанды. 

Кафедра оқытушылары э.ғ.к. доцент м.а. Тажибаева Райхан Мусаматовна және университетте  30 жылдан жұмыс жасап келе жатқан аға оқытушы Султанов Дархан Серікбайұлы- 2023 жылы Университеттің 30 жылдық медалімен марапатталды.Сонымен қатар э.ғ.к. аға оқытушы Утаров Қайрат Әлімтайұлы қала әкімінің грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2023 жылғы 17 қазандағы № 654 бұйрығының негізінде, э.ғ.к. Сапарова Айнур Алмпамысовна, PhD Мырзабекқызы Құндыз  50200 – Экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды.