Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

“Халықаралық көші-қон үрдістері” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар

2025 жылдың 24 қазан күні Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының ұйымдастыруымен кафедрасының аға оқытушысы, Dr. Гулеже Шенелдің қатысуымен “Халықаралық көші-қон үрдістері” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты кафедраның ғылыми-ағартушылық қызметін жандандыру және студенттердің халықаралық қатынастар саласындағы білімін тереңдету болды. Іс-шара қазіргі кезеңдегі халықаралық миграцияның өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Семинар барысында көші-қонның түрлері, оған ықпал етуші факторлар, миграциялық процестердің жаһандық картадағы негізгі бағыттары, сондай-ақ БҰҰ, IOM, UNHCR және ILO секілді халықаралық ұйымдардың рөлі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар босқындардың мәртебесіне қатысты құқықтық нормалар мен миграцияның әлеуметтік-экономикалық салдары талданды. Қатысушылар белсенді қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, халықаралық ұйымдардағы кәсіби мүмкіндіктер жөнінде пікір алмасты.