«Волонтерлік – қоғамға үлес, өзіне тәжірибе»
Бұл бағыттағы іс-шаралар жастардың волонтерлік қызметке деген қызығушылығын арттыруға, олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. Волонтерлік қызмет – бұл тек қоғамға көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар әрбір жас үшін өмірлік тәжірибе жинақтаудың, азаматтық белсенділікті арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Іс-шара барысында студенттер ұйымшылдық танытып, белсенді түрде қатысып, университет аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, аула мен жасыл аймақтар қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосылды. Бұл жұмыстар жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, мұндай шаралар қатысушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеу қабілетін дамытып, жауапкершілік пен тәртіптілікті нығайтады. Волонтерлік қызмет арқылы жастар қоғамдағы өз орнын сезініп, елдің дамуына өз үлесін қоса алатынын түсінеді.
Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
Сабақ кестесі
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАРУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТҮРКИЯ-ГРЕКИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 