shape
shape
Іс-шаралар
Blog Image

«Халықаралық көші-қон ұйымына 75 жыл: жаңа буынмен сұхбат»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМЫНЫҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылдың 30 қазанында Ахмет Ясауи университетінде AYU дипломатиялық сұхбаттар сериясы аясында «Халықаралық көші-қон ұйымына 75 жыл: жаңа буынмен сұхбат» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның арнайы қонағы – Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Серхан Актопрак.

Кездесу барысында халықаралық көші-қон үдерістері, ұйымның негізгі қызмет бағыттары және қазіргі қоғамдағы көші-қон мәселелері талқыланды. Спикер Халықаралық көші-қон ұйымының 75 жылдық қызметі мен жинақтаған тәжірибесі туралы баяндап, жастармен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара білім алушылардың халықаралық қатынастар мен көші-қон саласындағы білімін кеңейтуге мүмкіндік берді. Кездесу соңында қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.