shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Адалдық – адамдықтың асқақ шыңы!

11.03.2026 жылы «Экономика және басқару» факультетінде 3- курс студенттері, ЗХҚ-311 және ЗХҚ-312 топтарының қатысуымен «Адал азамат» тақырыбында ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Шараның ұйымдастырушысы, Асильбекова Балжан студенттердің бойына адамгершілік құндылықтарды ұялатып, адалдық пен жауапкершіліктің маңызын тереңнен түсіндірді. Сабақтың мәнін ашып, мазмұнын байыта түскен арнайы қонақ ретінде Турузбеков Нұржан ағайдың қатысуы болды. Нұржан ағай өз сөзінде: "Нағыз азамат — білімімен ғана емес, ең алдымен таза ниетімен және адал ісімен ерекшеленуі тиіс," — деп, жастарға аталы сөздерін арнап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сабақ барысында: Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы талқыланды. Сонымен қатар, студенттер қоғамдағы әділдік пен этика мәселелері төңірегінде пікір алмасты. Бұл тәрбиелік сабақ жас ұрпақтың санасына патриоттық рух пен турашылдық дәнін еккен рухани кездесу болды. Өз ісіне адал мамандар осындай ортадан шығары анық!