«Онлайн бас тігу: виртуалды тұзақ»
Өткен күні: 16.03.2026 ж. Серік Әбсаттар 2026 жылдың 16 наурызында Ректорат ғимаратының 222-аудиториясында ЗХҚ-511 және 513 топтарына арнап «Онлайн бас тігу: виртуалды тұзақ» атты ашық сабақ ұйымдастырылды. Ол өз дәрісінде «Заң мен тәртіп» концепциясын негізге ала отырып, студенттерге құқықтық тәрбие беру мәселесін көтерді. «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында өткізілген бұл шара қазіргі қоғамның өзекті мәселесі — лудомания мен онлайн-бәс тігудің алдын алуға арналды. Ректораттың 222-аудиториясында жиналған ЗХҚ-511 және 513 топ студенттеріне виртуалды ойындардың құқықтық, психологиялық және қаржылық қауіптері жан-жақты түсіндірілді. Құқықтық сауаттылық: Заңсыз ойын бизнесіне қатысудың құқықтық салдарлары қарастырылды. Қауіпсіздік: Интернеттегі алаяқтық пен «виртуалды тұзақтардан» сақтану жолдары талқыланды. Тәрбиелік мәні: Студенттерді жауапкершілік пен тәртіпті сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Әлеуметтік – мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі
Құрметті Мырзабекқызы Құндыз сізді құттықтаймыз!
«Андалусияның бренд қалалары» тақырыбында семинарға шақырамыз
Сабақ кестесі
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші
Тұрақты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асырылуы тиіс?
Құрметті 1-курс студенттері!
Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС 