shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Таза ауа – таза денсаулық

«Таза ауа – таза денсаулық» тақырыбында Анламасова Мақпал халықаралық қатынастар студенттерімен табиғат аясында мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға тек студенттер ғана емес, факультеттің және басқа да факультеттердің оқытушы-профессорлар құрамы да белсенді қатысты.

Шара барысында қатысушылар таза ауада серуендеп, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттады. Сонымен қатар, бабалар рухына тағзым етіп, Арыстан баб кесенесі мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті.

Бұл іс-шара студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты нығайтып, олардың рухани дамуына және тарихи-мәдени мұраларға деген құрметін арттыруға зор ықпал етті.