ОҚУ ОРДАМЫЗҒА ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САУДА МИНИСТРЛІГІНІҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СЕЗАЙ УЧАРМАК КЕЛДІ
Бүгін университетімізге Түркия Республикасының Сауда министрлігінің вице-министрі Сезай Учармак келді. Қадірлі қонақты Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова және ректор өкілі Нажи Генч қарсы алды.
Айта кетейік, құрметті қонақ 5-9 қыркүйек аралығында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің кеден қызметі басшыларының 11-отырысына қатысу үшін арнайы келген.
Түркия Республикасының Сауда министрлігінің вице-министрі Сезай Учармак Экономика және басқару факультетінің студенттермен кездесу өткізді. Жастарға білім алу жолында өзінің ақылын айтып, жол көрсетті.
«Түркі жұртының рухани астанасы Түркістанға қайта келгеніме қуаныштымын. Сіздермен жүздескенім үшін де ерекше бақыттымын!
Студенттерге айтарым, жастық шақты бағалай біліңіздер. Университетте сіздерге көптеген мүмкіндіктер ұсынылған екен. Білім алып, даму жолында осы мүмкіндікті барынша пайдаланыңыздар. Себебі, еңбек ету адамзат үшін аса маңызды»,-деді.
Еркін форматта өткен жиында Экономика және басқару факультетінің студенттері өздерін қызықтырған сауалдарын жолдап, тың жауаптар алды.
Сондай-ақ, Сезай Учармак оқу ордамызда 1-курс студенттерін қарсы алу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты кешке қатысып, қонақ болды.
Әрі университетіміздің Ботаникалық бағын аралап, жұмысымен танысты.
Әлеуметтік – мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі
Құрметті Мырзабекқызы Құндыз сізді құттықтаймыз!
«Андалусияның бренд қалалары» тақырыбында семинарға шақырамыз
Сабақ кестесі
"Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы
Бірінші курс студенттерін қарсы алу кеші
Тұрақты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асырылуы тиіс?
Құрметті 1-курс студенттері!
Құрметті ғылыми қауым өкілдері!
ӘЙЕЛДЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТЕГІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС 