Білімі мен дағдыларын мемлекеттік басқару саласында қолданып, басқару шешімдерін қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.
- зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті көрсетеді (ОН1).
- интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2).
- кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады (ОН3).
- экономика, экология, құқық, гендерлік саясат, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық ұғымдарын меңгеріп, кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды және мемлекеттік қызмет этикасын сақтайды (ОН4).
- тиісті цифрлық технологияларды, құралдар мен теорияларды пайдаланып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында болжау мен басқару процесін біріктіруге қабілетті (ОН5);
-мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, нұсқаулардың, талдамалық есептердің жобаларын әзірлейді (ОН6);
-мемлекеттік басқару, кәсіпорынды басқару, жобаларды басқару, персональды басқару тиімділіктерін бағалайды (ОН7);
-мемлекеттік саясат пен реттеудің әдістері мен құралдарын пайдаланып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қалалар мен басқа да аумақтық бірліктердің ресурстарын басқаруға қатыса алады (ОН9);
-ұлттық стратегиялық даму бағдарламаларын, өнеркәсіптік саясат және нормативтік құқықтық актілерді қолданып, аймақтық экономиканы мемлекеттік реттейді, жер ресурстары мен энергия көздерін тиімді пайдаланып, мемлекеттік органдардың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жоспарлайды(ОН10);
- әртүрлі инновациялық әдістерді қолданып, қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу мен қоғамның тұрақты дамуын қатамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізеді (ОН11).
Мемлекттік және жергілікті басқару бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (Тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеруі тиіс) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
- әртүрлі экономикалық құрылымдар мен әлеуметтік қызметтерде эксперт;
- басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымдарында;
- жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі бөлімдер қызметкерлері - салааралық кешендер мен басқару органдарында менеджер;
- акционерлік қоғамдар мен әртүрлі шаруашылық серіктестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарда жобалаушы маман;
- кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігі бар тұлға;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушысы;
- жоғарғы оқу орнының оқытушысы;
- ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
- біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының маманы.