shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Менеджмент және туризм кафедрасы / Магистратура

7M04121 - Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Менеджмент және туризм кафедрасы

- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1).

- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады  (ОН2).

- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3).

- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН4).

- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай,  академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5).

- Мемлекеттік басқару заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын, қазіргі әлемде болып жатқан жаһандану процестерін біле отырып, мемлекеттік  басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми  зерттеулер жүргізуге қабілетті (ОН6).

- Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және басқару жүйесін дамытудың экономикалық талдау әдістерін, заңдар мен адам құқығын оқып үйренуге қабілетті (ОН7).

- Мемлекеттік басқару саласында ұсыныстар мен сипаттамаларды тұжырымдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жаһандану дәуіріндегі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қабілетті (ОН8).

- Мемлекеттік және жергілікті басқарудың негізгі үрдістерін зерттей отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында  кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті (ОН9).

Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылшын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

- мемлекеттік мекемелерде басқару;

- жергілікті басқару;

- әлеуметтік  қызметте басқару;

-коммерциялық емес ұйымдардағы басқару;

-басқа ұйымдардағы басқару;

-мемлекеттік органдармен және азаматтармен қарым-қатынас орнында.