Білім беру бағдарламасы
3+
Білімгер
239+
Жұмыспен қамтылған
60%
ОПҚ
15+

Біз туралы

Экономика және басқару факультеті құрамындағы Халықаралық қатынастар кафедрасы жаһандық саясаттың күрделі мәселелерін зерттеуге бағытталған бакалавриат және магистратура бағдарламаларын ұсынады. Қазақстан мен Түркияның білікті ғалымдары дәріс беретін бұл бағдарлама халықаралық саясат, дипломатия, саяси тарих және аймақтану сияқты іргелі пәндерге негізделген.

Екі елдің академиялық дәстүрін ұштастырған кафедрамыз студенттерге түрлі дипломатиялық көзқарастармен танысып, көпмәдениетті ортада білім алуға бірегей мүмкіндік береді. Классикалық халықаралық қатынастар негіздерін қазіргі заман талабымен үйлестіретін жаңашыл оқу бағдарламамыз жасанды интеллект, климаттың өзгеруі, заманауи дипломатия және киберқауіпсіздік сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтиды. Осындай жан-жақты тәсілдің арқасында кафедрамыз әлемдік үрдістерге аналитикалық баға бере алатын жоғары білікті сарапшылар мен болашақ дипломаттарды даярлауды мақсат етеді.

Кафедрамызда төмендегі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:

  • «6В03138 - Халықаралық қатынастар» – бакалавриат
  • «7М03140 - Халықаралық қатынастар» – магистратура
  • «7М03117 - Саясаттану» – магистратура
Халықаралық қатынастар кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Халықаралық қатынастар кафедрасыБакалавриат

Бакалавриат

6B03138 — Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы

Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы

6B03138 - Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы

Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы базалық білімі, аналитикалық және практикалық дағдылары бар, іскерлік және мәдениетаралық коммуникациялар қасиеттерін меңгерген, өзін-өзі дамытуға, өзгермелі жаһандану жағдайларына бейімделуге және бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау. 

Бағдарлама нәтижелері

- көшбасшылық теориялар мен әлемдегі танымал көшбасшылардың биографияларын сыни көзқараспен талдау нәтижесінде көшбасшылық қабілетті қалыптастырады және дипломатиялық және халықаралық қызмет аясында ұйымдастырушылық қызметін, ауызша және жазбаша қарым- қатынас дағдыларын көрсетеді және ұжымда жұмыс жасай алады;

- кәсіби, академиялық, ғылыми және мәдениетаралық қарым-қатынастар орнату кезінде шетел тілдерін еркін пайдаланады;

- кәсіби қызметінде академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолдану арқылы жобалар, мақалалар, анықтамалар және т.б. дайындағанда ақпараттарды жинайды және талдайды қабілетті;

- кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және гуманитарлық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және басқа да білім саласында өзінің сауаттылығын көрсету; 

- халықаралық қатынастар тарихының әртүрлі кезеңдерін, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы өзекті мәселелерді, интеграциялық процестерді, аймақтану процестерін, жаһандану процестерін, мемлекеттердің даму деңгейін, халықаралық конвенцияларды, геосаяси жағдайды, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың, әлемдік саясаттың, халықаралық тәртіптің жай-күйі мен дамуын талдайды, халықаралық қатынастардағы жаңа трендтерге, халықаралық және аймақтық проблемаларға бағдарланады;

- халықаралық қатынастардың негізгі теорияларын, құрылымдарын, акторларын, қазіргі кездегі өзекті мәселелерін, халықаралық ҚР сыртқы саясатындағы көпжақты және интеграциялық дипломатия процестерін, халықаралық қатынастардың әлемдік саяси жүйесінің олардың тарихи, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық шарттылығындағы дамуын талдайды;

- теориялық білімге сүйене отырып, халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатта туындайтын оқиғалар мен мәселелердің, конфликттік жағдайлардың себептерін ғылыми тұрғыдан талдайды; 

- дипломатиялық құжаттарды жазуға және ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес сауатты және білікті құрастырады, кәсіби дипломатиялық терминологияны меңгереді;

- дипломатиялық және консулдық қызметте дипломатиялық және іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін дипломатияның, дипломатиялық этикеттің және хаттаманың негізгі ережелерін және дипломатияның көпжақты, бұқаралық, цифрлы түрлерін пайдаланады;

- жаһандану үдерісінің саяси, экономикалық, экологиялық, көші-қон, қауіпсіздік, конфликтология, терроризм мен экстремизм және басқа да салалардағы аспектілерін талдайды және жаһандық процестердің дамуын болжайды;

- мемлекеттердің сыртқы саясатын қалыптастыруға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды және мемлекеттердің сыртқы саяси стратегияларын талдау. 

 

Қабылдау шарттары

6B031 Әлеуметтік ғылымдар (6B03138-Халықаралық қатынастар) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

Оқу жұмыс жоспарлары
Кәсіби қызмет саласы

ЖОО-дарында «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы; ЖОО-дарында Халықаралық қатынастар бөлімдері, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі халықаралық қатынастар бөлімі, министрліктердің халықаралық қатынастар бөлімі, БАҚ. 

Білім беру бағдарламалары
Элективті пәндер каталогы
Бағдарламалық аккредиттеуден өткені туралы куәліктер

 

Кафедра тынысы

Соңғы ақпараттар

Барлығын көру

Бізбен хабарласыңыз