PhD доктор Амирбек Айдарбек Ануарбекулы
«Халықаралық қатынастар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)
ДӘРІС КУРСТАРЫ
6B03138-Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы үшін
«Халықаралық қатынастар теориясы» пәні бойынша ДӘРІС курсы
Халықаралық қатынастар теориясы пәні - студенттердің әлемдік саяси процестерді болжаудың негізгі қағидалары мен әдістерін, классикалық және заманауи теорияларының негіздерін, мемлекеттердің сыртқы саяси құрылымдарын білуге және түсінуге, мемлекеттердің ұлттық мүдделері мен сыртқы саяси басымдықтарын сәйкестендіруге, сыртқы саяси шешімдер қабылдайтын мемлекеттің негізгі институттарын бөліп көрсетуге және жіктеуге, жаһандану процесінде сыртқы саясатты талдау арқылы өзекті мәселелер бойынша жеке ситуациялық зерттеулерді игеруге, ішкі және сыртқы орта факторларының әсері мен арақатынасын сыни талдау және бағалау дағдылармен қаруланған білікті мамандар даярлау болып табылады.
Пәннің мақсаты - студенттерді халықаралық қатынастардың классикалық және заманауи теорияларымен және халықаралық процестерді жүйелі талдаудың кең таралған әдістерімен таныстыру. Бұл пән халықаралық қатынастар теориясының негізгі ұғымдарын, халықаралық қатынастар туралы ғылымды дамытудың принциптері мен бағыттарын игеруге мүмкіндік береді, әрі қарайғы кәсіби қызмет үшін қажетті халықаралық оқиғаларды талдау дағдыларын игеруге ықпал етеді.
Бұл курсты меңгеру кезінде студент келесі құзыреттерді ала алады:
- халықаралық аренада болып жатқан оқиғалар мен пайда болған мәселелерді теориялық тұжырымдамалар аясында оқып білу;
- ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу машықтарын игеру;
- сыртқы саясатта сыни ойлауға негізделген талдауларды оқып білу;
- шетелдік теориялық тұжырымдамалармен таныстыру;
- сараптамалық ойлай білу машықтар негізінде, халықаралық саяси аренада болып жатқан оқиғаларды егжей-тегжейлі талдауды игеру.
Силлабус Халықаралық қатынастар теориясы
Лекция №1. Халықаралық қатынастар теориясы пәніне кіріспе
Лекция №3. Неореализм (структуралық, құрылымдық реализм)
Лекция №4. Мортон Каплан және халықаралық жүйе.
Лекция №5. Гегемониялық тұрақтылық теориясы
Лекция №6. Стивен Мартин Уолт және Джон Джозеф Миршеймердің теориялары
Лекция №7. Неоклассикалық реализм
Лекция №8. Классикалық және заманауи геосаяси теориялар
Лекция №10. Марксистік парадигма және неомарксизм
Лекция №11. Роберт Кокс және неограмшизм
Лекция №12. Халықаралық моральдың моральдық-этикалық өлшемдері
Лекция №13. Халықаралық тәртіп: ұғымы және шынайылық.
Лекция №14. Халықаралық конфликтілер: себептері, түрлері, көрінісі және даму мазмұны
6B03138-Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы үшін
«Халықаралық саясат» пәні бойынша ДӘРІС курсы
Халықаралық саясат пәні - студенттердің әлемдегі алып және орта күшке ие мемлекеттердің халықаралық саясатта ұстанған негізгі сыртқы саяси стратегиялары, қағидалары мен әдістерін, халықаралық жүйеде ықпалды елдердің рөлін, орта күшке ие мемлекеттердің аймақтық жүйеге ықпалдарын көрсетуге және жіктеуге, әлемдегі жаңа геосаяси өзгерістердің әсерін талдауға, халықаралық қатынастар жүйесіндегі көпжақты бәсекелестік пен ынтымақтастықты сыни талдау және бағалау дағдылармен қаруланған білікті мамандар даярлау болып табылады.
Пәннің мақсаты - студенттерді халықаралық саяси үдерістерді түсінуге, мағына шығаруға, әлемдегі ықпалды елдердің сыртқы саяси стратегияларына өзіндік болжам жасау әдістерімен таныстыру. Бұл пән өзгеріске ұшырап отырған халықаралық жүйенің негізгі ерекшеліктерін түсініп игеруге мүмкіндік береді, кәсіби қызмет үшін қажетті әлемдік саяси процестегі алып елдердің және орта деңгейдегі мемлекеттердің халықаралық, әрі аймақтық оқиғаларды талдап болжау дағдыларын игеруге ықпал етеді.
Бұл курсты меңгеру кезінде студент келесі құзыреттерді ала алады:
- әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси стратегияларының негізгі кезеңдерін оқып білу;
- дипломатияның халықаралық қатынастардағы және әлемдік саясаттағы рөлімен таныстыру;
- халықаралық ұйымдардың жаңа геосаяси өзгерістерге әсерін егжей-тегжейлі талдауды игеру;
- әлемдегі экономикалық күштер мен қозғалыстардың өзара қарым-қатынастарын оқып білу;
- ұлттық мүдде терминіне балама болып табылатын трансұлттық корпорациялар, халықаралық қауіпсіздік, әлемдік экономикалық ынтымақтастық түсініктері және өзара байланыстарына негізделген сыни ойлауға бағытталған талдауларды оқып білу.
Лекция № 1 Халықаралық саясаттың танымы
Лекция № 2 Халықаралық саясаттағы акторлар
Лекция № 3 Күш және күш саясаттары
Лекция № 4 Халықаралық саясатта баламалы ұғымдар
Лекция № 6 Сыртқы саясатта анализ танымы, ұғымы
Лекция № 7 Халықаралық қауіпсіздік мәселелері танымы, ұғымдар
Лекция № 8 Халықаралық саясат және егемендік дамуы, негізгі көзқарастар
Лекция № 9 Халықаралық саясат және халықаралық ұйым
Лекция № 10 Халықаралық саясаттың экономикалық саясаты
Лекция № 11 Халықаралық саясат және аймақшылдық танымы, ұғымы, түрлері
Лекция № 12 Халықаралық саясат және адам құқықтары
Лекция № 13 Халықаралық саясаттың демократиялануы
Лекция № 14 Халықаралық саясаттың жахандануы
6B03138-Халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасы үшін
«Саясаттану» пәні бойынша ДӘРІС курсы
Саясаттану пәні - студенттердің ішкі саяси жүйесінің негізгі қағидалары мен әдістерін, саяси технология мен теорияларының негіздерін, мемлекеттің атқарушы, заң шығарушы және сот билігі тармақтарын білуге және түсінуге, саяси шешімдер қабылдайтын мемлекеттің негізгі ықпалды институттарын бөліп көрсетуге және жіктеуге, элиталардың ішкі және сыртқы саясатқа әсері мен арақатынасын сыни талдау және бағалау дағдылармен қаруланған білікті мамандар даярлау болып табылады.
Пәннің мақсаты - әлеуметтік-саяси білімнің пәнаралық модулі құрамдас бөлігі ретінде саяси жүйелерді сыни түсінуді, саясаттың түпкі негізін, саяси топтары мен институттарын білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол ішкі саяси және сыртқы саяси процестерді түсінуді қамтамасыз етеді.
Бұл курсты меңгеру кезінде студент келесі құзыреттерді ала алады:
- ұлттық мүдде мен ұлттық қауіпсіздікті сақтау және дамыту үшін саяси құндылықтардың маңыздылығын ұғыну;
- саяси қарым-қатынастың этикалық нормаларын оқып білу;
- саяси зерттеу жұмыстарын жүргізу машықтарын игеру;
- саяси деректер мен қағидаттарды қолданып игеру;
- қоғамның өмір сүру ортасының саяси танымын оқып білу, саяси мәдениетінің, саяси сауаттылықтың маңызын түсіну, ішкі саяси аренада болып жатқан оқиғаларды егжей-тегжейлі талдауды игеру.
Лекция №1. Саясаттану пәніне кіріспе
Лекция №2. Саяси билік және элита.
Лекция №3. Саяси жүйе және саяси режимдер
Лекция №4. Демократиялық режим ұғымы.
Лекция №8. Саяси шиеленіс және саяси процесс.
Лекция №9. Элита Неомакиавеллистік тұжырымдама