Тарих және жалпы ақпарат
.png)
«Халықаралық қатынастар» кафедрасы 1998 жылы Заң факультетінің құрамында ашылып, Университет Сенатының шешімі бойынша 1999 жылы Экономика факультетінің құрамына ауыстырылды. 2003-2004 оқу жылында Ректораттың бұйрығымен (26.08.2003 ж. №2/228) Халықаралық қатынастар факультетінің құрылуына орай, «Халықаралық қатынастар» кафедрасы Экономика факультетінен бөлініп, аталған факультеттің негізгі кафедрасы ретінде қызметін жалғастырды. 2006-2007 оқу жылында кафедра Экономика және заң факультетінің құрамына еніп, атауы «Мемлекеттік құқықтық пәндер және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. 2008-2009 оқу жылында «Халықаралық қатынастар» мамандығы жаңадан құрылған Заң факультетінің құрамына өтіп, халықаралық қатынастар мамандарын даярлау жұмыстарын жалғастырды. 2014-2015 оқу жылында кафедра Әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамында қайта жеке кафедра ретінде құрылды. 2021-2022 оқу жылында жаңадан ашылған Экономика, басқару және құқық факультетінің құрамына еніп, кафедра атауы «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. Ал 2023-2024 оқу жылынан бастап кафедраның атауы қайтадан «Халықаралық қатынастар» болып өзгертілді.
Қазіргі таңда кафедра бакалавриат деңгейінде «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша, ал магистратура деңгейінде «Халықаралық қатынастар» және «Саясаттану» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Бұл бағдарламалар заманауи білім беру стандарттары мен нарық талаптарына толықтай сай әзірленіп, кәсіби білім мен құзыреттілікті терең игерген, бәсекеге қабілетті түлектер дайындауға бағытталған.
Кафедраның ғылыми әлеуетінің пайыздық көрсеткіші – 66,6%. Оның ішінде 3 ғылым кандидаты, 7 PhD докторы және 5 магистр қызмет атқарады.
Кафедрада «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша 178 студент, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша 1 магистрант және «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша 7 магистрант білім алуда.